Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді. Іріктелген балалар әдебиеті қатарына Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» атты шығармасы кірді.
2021 жылдың 25 мамыры күні М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» атты шығармасын №21 мектеп-лицей оқушыларымен ZOOM платформасында талқылады.Аталмыш іс-шара халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу мақсатында өтті.
Оқушылар Б.Соқпақбаевтың туындыларынан оның қаламына тән стильдік өрнек айқын сезілетінін айтты. Шара барысында Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» шығармасындағы басты кейіпкердің жетістікке қолжеткізгені жайлы талқыланды.