Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің студенттерімен «Жолдау 2026: Ел дамуының жаңа белесі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара Мемлекет басшысының 2026 жылға арналған жолдауында көрсетілген стратегиялық бағыттармен жастарды таныстыру, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым міндеттерді талқылау мақсатында өтті.
Студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, жолдауда айтылған жастарға арналған мүмкіндіктер, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мәселелерді талқылады.






