М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстың кітапхана саясатын қалыптастыруда жетекші әдістемелік, библиографиялық және ақпараттық рөл атқарады. М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК қоры 01.01.2025 жылға 324907 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 86471. 2024 жылы 3 528 дана келіп түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1880, есептен шығарылды – 16 215 дана (тозығы жеткен және мазмұны бойынша ескірген).
2024 жылдың қорытындысы бойынша 1585 іс-шара өткізілді, оған 478 299 адам қатысты (интернет – пайдаланушылар-415 227 және 63 072 офлайн форматта).
«М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де 3 065 дана цифрлық форматқа көшірілді.
2024 жылы өңір кітапханаларын «Оқитын ұлт» бағдарламасы бойынша оқумен қамту 35,9% құрады.
Жыл бойына Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да 6 жоба белсенді жұмыс істеді:
1. «Полиглот». YouthLinguisticCentre”Polyglot” жобасы – Жазғы линготоқсан – 8500 адамды қамтумен 192 іс-шара өткізілді.
2. «Өңіріміздің өнер майталмандары» жобасы 650 адамды қамтумен 10 іс-шара өткізілді.
3. «Қағыс қалған жазбалар» жобасы, 185 адамды қамтумен 4 іс-шара өткізілді.
4. «Ашық оқу әлемі Открытый мир чтения» жобасы, 4320 адамды қамтумен 96 іс-шара өткізілді.
5. Проект на лето «Ашық аспан астындағы кітапханалар – Библиотека под открытым небом» жазға арналған жоба, 1500 адамды қамтумен 25 іс-шара өткізілді.
6. «Оpen air» жазға арналған жоба, 250 адамды қамтумен 5 іс-шара өткізілді.