3 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушыларымен бірлесіп «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Жүректен шыққан жырлар» атты музыкалық поэзиялық кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты – ақынның бай шығармашылық мұрасын насихаттау, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.Кеш барысында кітапхана қызметкері мен оқушылар Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгімелеп, оның өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқыды.





