Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі Ғарышкерлер күніне орайластырылған «Жұлдызға қадам басқан адам. Человек, шагнувший к звёздам. The Man Who Wanted The Stars» атты кітап-көрмесін оқырмандардың назарына ұсынады.
Бұл кітап-көрмесі жалпы авиация және ғарышкерлік туралы кітаптардан, ең бірінші кеңестік ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры – Юрий Гагаринмен таныстыратын, және ғарыш кеңесін игерген қазақстандық ғарышкерлер: көрнекті зерттеушілер Тохтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа арналған кітаптардан құралған.
Әрқайсысының ғарышқа деген жолы өзінше болды. Осы ерекше жандарды, және жалпы барлық ғарышкерлерді біріктіретін – Жер шарына деген аса үлкен патриоттық сезім, махаббат, және өздері ғарышкер атанған ғалам айлағы – Байқонырға деген алғыс сезімі.