Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері №12 жалпы орта білім беретін мектептің 5-6 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Жұмекен Нәжімеденов — поэзияның асқақ үні» атты поэзия сағатын өткізді.
Іс-шара Әнұранымыздың сөзін жазған дарынды ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы мен әдеби мұрасын өскелең ұрпаққа таныстыру, жас буынның поэзияға деген қызығушылығын ояту, олардың қазақ әдебиетіне деген құрметін қалыптастыру мақсатында өтті.
Сондай-ақ, шара барысында ақынның өмір жолы, оның азаматтық ұстанымы мен поэзиядағы ерекшеліктері атап өтілді. Шара соңында оқушылар өлеңдерін жатқа оқыды.