Жұмысшы болашағы: арманнан кәсіпке

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «ӘЛИ» шаштаразының иесі — Ержан Арнашұлы Мұхаметжановпен «Жұмысшы болашағы: арманнан кәсіпке» атты тақырыпта кездесу кешін өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» деген еді.
Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. Кәсібінің шебері болу — әрбір жанның мамандығына деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін еңбек адамының қызыметі ерен. Дәл осындай еңбегімен ел алқауына бөленіп, көне шаһардың көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес.
Өз кәсібін ашып, елге қызмет етіп жүрген «ӘЛИ» шаштаразының иесі — Ержан Арнашұлы студент жастарға өзінің жүріп өткен өмір жолы, табысқа қалай жеткені жайлы ақпарат беріп, тағылымды әңгіме өрбітті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *