11 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК шет тілі апталығының жабылуы өтті. Апталықтың жоспары түгел орындалды, барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді және қатысушыларға жалпы тілдік, интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін көрсетуге және дамытуға, ой-өрісін және жалпы білім көкжиегін кеңейтуге көмектесті. Апталыққа 6-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.
Шет тілі апталығы жоғары сынып оқушыларына арналған «Through the Countries and Continents» қойылымымен аяқталды. Балалар ұлы ақындардың өлең-жолдарын үш тілде оқыды. Сондай-ақ, жастар арасындағы танымал ағылшын тіліндегі ойындар да болды. Ең белсенді қатысушылар және жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды.