7 тамыз күні «Заң мен тәртіп» жобасын іске асыру мақсатырда Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніңдегі тергеушісі А.А. Есмуханова М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлеріне қаржылық қауіпсіздік туралы дәрістік сабақ өткізді.
Кездесу барысында қаржылық пирамидалардың белгілері, олардың салдарынан қалай сақтану керектігі және алаяқтардың азаматтарды қылмыстық әрекеттеріне тарту схемалары түсіндірілді.