Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

22 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Happy English» клубының тыңдаушылары үшін «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: балалар мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның қоғамға тигізер зиянын түсіндіру, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. «Мейірімді жүрек» атты интерактивті ойын арқылы бір-біріне қолдау көрсетудің маңызы айтылды.