Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» акциясы аясында «Зорлықсыз қоғам – болашаққа сенім» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді отбасылық психолог және медиатор Наталья Шаврова жүргізді.Іс-шараның мақсаты: әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық түрлері мен себептері туралы ақпарат беру. Қатысушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру. Көмек алу жолдары және ресурстармен таныстыру. Іс-шара соңында зорлық-зомбылыққа қарсы ашық фильм көрсетілімі болып, өзара талқылау өткізілді.




