Бүгінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Алайда адамдар бұл туралы ашық айтпайды немесе айтуға қорқады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты көріп өсу болашақ ұрпаққа қауіп төндіреді. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Әрине, әрбір қоғамда өмір сүріп жатқан тұлғаның басты арманы – саналы ғұмыр кешу,оны қорғайтын құқық – заң. Қазіргі жасөспірімдер еш қиындықсыз бақытты отбасында білім алуы тиіс. Барлық бала бақытты болуға лайықты! Келер күннің шұғылалы боларына сенемін, «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын».
Кез келген адам зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін, бірақ зорлық-зомбылыққа отбасында әйелдер мен балалар жиі ұшырайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту. Тұрмыстық зорлық – зомбылықты шешудің алғашқы қадамы-оның бар екенін мойындау және оның ауқымын түсіну. Дегенмен, көптеген зорлық-зомбылық жағдайлары ұят, қорқыныш немесе қол жетімді көмек ресурстары туралы хабардарлықтың болмауына байланысты үй қабырғаларының артында жасырын қалады.
