“Игі істер марафоны” жоб

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Игі істер марафоны» жобасы бойынша Инклюзия шеңберінде мейірімділік апталығына арналған «Мүгедектер — қоғамның толыққанды мүшесі» атты «Ақмола облысы бойынша ерікті мүгедектер қоғамы» өкілімен кездесу кешін өткізді.
Аталмыш іс-шара қонағы көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедек Штейн Елена Григорьевна.
Іс-шара көру қабілеті шектеулі қолөнершілердің еңбегін қолдау, олардың таланттарын көпшілікке таныту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қоғаммен байланысын нығайту, қолөнер бұйымдары арқылы инклюзивті қоғамның қалыптасуына ықпал ету мақсатында өтті.

Елена Григорьевна көру қабілетінің шектеулігіне қарамастан, тоқымамен айналысады. Шара барысында қолөнершінің туындылары көрмеге қойылды. Оқушылар қолөнершінің шеберлігіне таң қалып, ерекше әсер алды. Сондай-ақ, олар инклюзивтіліктің маңызын түсініп, ерекше жандардың еңбегіне деген құрметі арта түсті.
Іс-шараға №6 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *