«Казахстанская правда халықтың үні

(«Казахстанская правда» газетінің алғашқы санының шыққанына 105 жыл.)
«Казахстанская правда» – республикалық қоғамдық-саяси газет, Қазақстандағы беделді мерзімді басылымдардың бірі. Құрылтайшы және шығарушы – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Басылым “Казахстанская прав¬да” аталғанға дейін тарихи кезең¬дердің табы басылған бірнеше аталымды иеленді: «Известия Киргизского края», «Степная правда», «Советская степь».
1957 жылы ұйымдастырушылық және насихаттық қызметі үшін он мыңыншы санының жарық көруіне байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1991 жылдан республикалық қоғамдық-саяси газет. «Казахстанская правда» еліміз бастан өткерген тарихи кезеңдер мен оқиғаларға дер кезінде үн қосып отырды. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды жиі жариялап тұрады.
Жалпыұлттық басылым – «Ка¬зах¬станская правда» газеті әрдайым халықтың сөзін сөйлеп, елдің пікірін білдіріп келеді.
Жүздеген басылымнан тұратын еліміздің бұқаралық ақпарат нарығында бағыт-бағдарын нақты айқындап, оқырман ықыласына бөлену оңай шаруа емес екені өзінен-өзі түсінікті. Ал республика билік органдарының үні болу газетке ерекше жауапкершілік жүктейді. Ақиқаттың ақ жолынан табыла отырып, кері тартқанды бері тартуға тура келетіні де жасы¬рын емес. «Казахстанская правда» жалпы¬ұлт¬¬тық газеті ресми және іскерлік ақ¬пବ¬рат¬тың маңызды көзі болып қала береді. Оның беттерінде Мемлекет басшы¬сы¬ның Жарлықтары мен Өкімдері, Парламент пен Үкімет басшысының қау¬лылары, республиканың жаңа заң¬да¬ры, жоғарғы билік органдарында қайта тағайындаулар туралы хабарламалар жария¬ланады.
Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болды. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Өткен ғасырдың басында бір-біріне қанаттаса, бірінен соң бір жарық көрген жүз жылдық жылнамасы бар қос газет –халыққа ақпар жеткізуде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Десе де, бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған интернет дәуірінде дәстүрлі баспасөзді заман көшіне сай жаңғыртып отыру – уақыт талабы. Сондықтан Үкіметтің Қаулысымен қабылданған бұл өзгеріс отандық медианың даму бағытындағы кезекті маңызды қадам деп санаймын. Әрине, екі газетті біріктіру – оның біреуі өз жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. «Казахстанкая правда» газеті өзінің қалыптасқан брендтік атауын сақтайды.
Биыл «Казахстанская правда» республикалық газетінің жарыққа шыққанына 105 жыл толып отыр. «Казахстанская правда» – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі мен тарихи жаңғыртулар және еліміздің өсіп-өркендеуі жолында қабылданған маңызды шешімдер шежіре болып қатталған іргелі басылым. Газет ұжымы қазіргі цифрлық технология дәуірінде де кәсіби біліктіліктің биігінен көрі¬ніп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Газет шығару үдерісі мен оларды оқу мәдениеті ешқа¬шан үзілмеуге тиіс. Біз бұл істе са¬бақтастықты сақтауымыз керек», деген еді. Еліміздің басты га¬зет¬терінің бірі ретінде «Казах¬стан¬ская правда» ұзақ уақыт өз оқыр¬¬мандарын жаңа және өзекті ақпа¬ратпен, репортаждармен, экс¬клюзивті сұхбаттармен қуанта¬тынына сенімдімін.
Бүгінгі таңда «Казправда» жаңа қоғам¬ның қалыптасуына елеулі үлес қоса отырып, журналистік шебер¬ліктің жоғары деңгейін жалғас¬тырып келеді.
Аптасына 5 рет орыс тілінде шығады.