Кітапханадағы дөңгелек үстел

2021 жылғы 25 мамырда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспа ісінің жетістіктері мен олқылықтары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шара қатысушылары (Zoom): Саят Қамшыгер – ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты, «Алтын сақа» балалар баспасының бас редакторы, Фарида Рахымжанқызы Тобашалова – «Фолиант» баспасының қазақ редакциясының бас редакторы, Марал Дадиева – «Профи Медиа» баспасының редакторы, Шайзада Мұхамеджанова – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақ өнерінің қайраткері, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР көркем академиясының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген полиграфисті.
Шараның офлайн қатысушылары: Көгаршын Бексұлтанова Нұрмағамбетқызы – «Келешек – 2030» баспасының директоры, Гүлнар Шаймергенқызы – «Келешек – 2030» баспасының көп жылдар бойы еңбек еткен корректоры, Қуаныш Оспанов Ерғалиұлы – ақын, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК директорының орынбасары, Бостангүл Ерманова Азатқызы – М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің» меңгерушісі.
Іс-шара жүргізушінің шағын баяндамасымен басталды. Әрі қарай шара қатысушылары қойылған нақты сауалдарға нақты жауап беріп, қазақ баспасының бүгінгі жай-күйіне қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, білімі мен білігін ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *