Семинар жұмысы екі секцияға бөлініп ұйымдастырылды.
Бірінші секцияда орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорларының қатысуымен «Кітапханалардың есеп беру қызметінің өзекті мәселелері. Кадр мәселесі» тақырыбында отырыс өтіп жатыр. Баяндамашы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Е.Жезлова. Сонымен қатар Ақмола облысында кітапхана ісін дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы талқыланды.
Екінші секцияда облыстық кітапханалардың әдіскерлері кітапханалық қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Ақмола облыстық М. Жұмабаев атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімі секторының меңгерушісі А. Серкенова «Ақмола облысының кітап қоры: статистикалық көрсеткіштер» тақырыбында баяндама жасауда. Сондай-ақ, әдіскер А. Таженова «Мәтіндік есептерді құрастыру ережелері» тақырыбында практикалық ұсыныстарымен бөлісуде. Қатысушылар ұсынылған материалдарды талқылап, талдау жұмыстарына белсенді қатысуда.