2024 жылғы 29 мамырда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханалардың есеп беру қызметі» облыстық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты: мамандардың қажетті біліктілік деңгейін көтеруге және облыс кітапханаларының кәсіби әлеуетін тиімді пайдалануға жағдай жасау.
Семинардың ресми бөлімі Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитованың және М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қ.Оспановтың құттықтау сөзімен ашылды.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық мемлекеттік кітапханалар жүйесінің 40 кітапханашыларына Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сабитованың және М.Жұмабаева атындағы АОӘҒК директоры Қ.Оспановтың атынан алғыс хаттар, сонымен қатар «Рухани қазына–2025» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша аудандық кітапханалар жүйесі арасында үздік деп танылған Атбасар ОКЖ, қалалық кітапханалар жүйесі бойынша Көкшетау ҚАКЖ сертификат пен демеушілер атынан сыйлықтарға ие болды.
Семинар-практикумның мазмұнды бөлігінде қатысушылар екі секцияға бөлінді:
1-секцияда ОКЖ директорларымен Ақмола облысында кітапхана ісін дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы талқыланды.
2-секцияда өңірдегі әдістемелік қызмет мамандарына сандық және мәтіндік есептерді құрастыру бойынша мастер-класс өткізілді.
Семинар пікір алмасу, кітапхана залдары бойынша экскурсия жасалып, фотосессиямен аяқталды.
Іс-шараға 17 аудандық және 3 қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өкілдері мен облыстық мемлекеттік кітапханалар жүйесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар-практикумның ұйымдастырушысы және бағдарлама әзірлеушісі – М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Қатысушылар мен ұйымдастырушылар ұсынылған материалдардың өзектілігін, мазмұнның қызықты әрі жан-жақтылығын, сондай-ақ баяндамалардың қолжетімділігі мен нақтылығын атап өтті.
Модератор: Қ.Оспанов – М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры.
Координатор: М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімі.