Кітап – білімнің кілті

2 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Білім күніне орай кішкентай оқырмандары үшін «Кітап – білімнің кілті» атты кітапхана әлеміне саясат ұйымдастырылды. Оқырмандар үшін әсіресе, балалар әдебиеті залындағы кітаптар қатты ұнады. Балалар әдебиеті залы кітапханамыздың жүрегі болып есептелінеді. Қала оқушылары мен балақайларға қызмет көрсететін, танымдық, ақпараттық, мәдени зал болып саналады.