Кітап нәзік те, тұнық әлем!

Бүгінгі әңгіме Қазақстандағы ұлттық кітап күні аясында өтті. Оқу аналитикалық қабілеттерді дамытады, ойлауға және қорытынды жасауға үйретеді, ал кітаптар әртүрлі тақырыптар бойынша ой-өрісті кеңейтуге және білімді тереңдетуге көмектеседі. Бүгінгі таңда жастар тек заманауи әдебиеттерді ғана емес, классиктерді де оқумен айналысады. Енді оқу мәдениетін қоғамға дәйекті түрде енгізу керек. Ұлтымыздың алға жылжу жолындағы ең маңызды қадамдар-кітаптар. Кітап-мәдени әртүрлілік әлеміне уақыт пен кеңістіктегі әртүрлі өркениеттерді байланыстыратын көпір.

Ұлттық кітап күнін енгізу-бұл оқу әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі болатын қоғам құруға жасалған қадам. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залы секторы оқырмандар назарына “Кітап нәзік те, тұнық әлем!”кітапхананың белсенді оқырмандарымен виртуалды кездесу өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *