Кітап – ұлттың рухани тірегі

19 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері «Ұлттық кітап күні» мерекесі және «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалі аясында «КИНО – КІТАП ӘЛЕМІНДЕ» атты библио-кафе ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара мақсаты: Қазақстандық авторлармен таныстырып, олардың шығармаларының кітап беттерінен ғана емес кино әлемінен де көріп, экран алдында автордың қандай терең мағыналы шығармаларды, көркемдеп көрсету, ұсыну арқылы қалың оқырманға жеткізу. Келешек ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, озық елдер қатарына қосылуға қандай да бір септігін тигізуге бағыттау.
Іс-шара үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде экранға ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап беру болды. Ол ұяшықтарда бейне сұрақтар мен көрерменнен сұрақтар да болды. Қатысушылар Қазақ гуманитарлық-техникалық колледж студенттері екі топқа бөлініп, ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жылдам, әрі толық жауап берді.
Екінші «кадр тоқтату» бөлімінде экранизацияланған қазақстандық жазушылардың шығармаларынан үзінді көрсету, ал қатысушы оқырмандар кино үзіндісін тауып, қандай кино, қай автордың шығармасы екендігін лезде анықтап, жарыса жауап берді.
Үшінші бөлім тәтті шай. Шай мен бірге библио-кафе мәзірі берілді. Мәзір арқылы өздеріне ұнаған, қажетті кітаптарына тапсырыс беру арқылы кітаптарға шолу жасап, көз жүгіртті.
Қатысушыларға: Ақан Сері, Біржан Сал, Үкілі Ыбырай атты 3 томдық кітаптар сыйға берілді.
Іс-шара өте қызықты, танымдық бағытта керемет әсермен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *