Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы көрнекті жазушы, ұлт мақтанышы, жерлесіміз Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романы желісімен түсірілген «Көкшпенділер» фильмінен «Кіno time» жобасы бойынша үзінді көрсетті.
Жобаның басты мақсаты: Ұлт руханиятына аянбай еңбек еткен, ерен ерлердің еңбегін бағалап, ұрпақ санасына сіңіру. Жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық құндықлықтарды насихаттайтын болады. Бүгінгі «Kino time» жобасына №12 мектеп лицейінің 6 сынып оқушылары қатысты
Оқушыларға тарихи роман мен кино арасындағы байланыс түсіндірілді. Шығармадағы кейіпкерлердің барлығы тарих сахнасында өмір сүргені әмбеге аян. Роман жан-жақты талқыға түсіп, оқушыларға мол ақпарат берілді.
«Көшпенділер» — төл тарихымыздан сыр шертетін тарихи роман. Ұлт тәрбиесіне аса мазыды — құндылық. Сондықтан бұндай шығармаларды талдау алдағы уақыта да жалғасын табады.