
Кәкімбек Салықовтың өлеңдері баспасөзде 1956 жылдары жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» (1977) жарық көрді. Замандастарының жасампаз еңбегі, табиғат пен адам бірлігінің жарасымдылығын, туған жерге деген махаббатын өрнектеген «Жез киік» (1973), ал (1977) осы өлеңдер жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. «Нұрлы күндер» (1976), «Жұлдызды жылдар тынысы» (1978), «Мәңгі шырақ» (1979), «Парасат сыры» (1980), «Шын жүректен» (1981) т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарыққа шықты. Қырғызстанда «Нұрлы күндер» (1976), «Жұлдызды жылдар тынысы» (1978), «Мәңгі шырақ» (1979), «Парасат сыры» (1980), «Шын жүректен» (1981) т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарыққа шықты. Қырғызстанда «Нұрлы күндер» (1981) атты кітабы қырғыз тілінде, Ғафур Ғұлам баспасы «Жез киік» (1983) жинағын өзбек тілінде шығарды. «Нұрлы күндер» жинағы Мәскеуден шықты. «Дала дастан», «Че Гевара», «Гәкку», «Жез киік», «Еңлікгүл», «Тәттімбет», «Ақын Тайжан», «Қуаныш – жұлдыз жарқылы», «Хан – атлас» атты поэмалары оқырмандарға кең танылып, ыстық ықыласқа ие болды.
Осы кітаптарында өз өмірін, өз тағдырын, өз анасын, өз әкесін, өз ауылын жыр етсе, бүкіл оқырман халықтың жүрегіне өте әсер етеді, себебі өлеңдерінде сұрапыл соғыстан жылаған баланың, ананың, жардың, елдің тағдыры бар. Ақын қиындықта ержеткендердің тағдырын, боздағым деп боздап өткен ата мен ананың, арулардың тағдырын жыр еткен. Дүниенің жүзін алпауыт жауыздан азат еткен Отанды, қазақ даласын, Қазақстанын мақтан етіп жырлайды.
Кәкімбек Салықов В.В. Маяковскийдің «В.И. Ленин» поэмасын, Я. Коластың, М.Д. Львовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. В. Савельевтің «Дала сыры» өлеңдер жинағын аударып, жеке кітап етіп бастырып шығарды.
Автордың отызға тарта жыр жинақтары жарық көрді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (ІХ, Х, ХІ) депутат болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1984 жылдан Өзбекстан Компартиясы ОК-нің, 1986 жылдан КПСС ОК-нің мүшесі.
Халыққа сіңірген еңбегі үшін Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Көкшетау қаласының «Құрметті азаматы».