Кәсіби мерекемен құттықтау

24 қазан күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сабитова облыс кітапханашыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Іс-шара барысында кітапхана саласының дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ерланұлы Досұлан Айтбаевтың атынан Алғыс хаттар табысталды.
Марапат иелерінің қатарында өңірдің 20 орталықтандырылған кітапхана жүйесінің үздік мамандары бар. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары
Тәженова Айгерім Телегенқызы мен Назыбаева Жанеля Қайдарқызы да Алғыс хаттармен марапатталды. Әріптестерімізді кәсіби мерекемен және лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен толағай табыстар тілейміз!