12 мамыр күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Founderschool» жасөспірімдерге арналған көшбасшылық мектебінің оқушылары «Гранат» шығармашылық студиясының әзірлеген көрмесін тамашалауға келді.
Келушілерге барельеф техникасында орындалған балалар суреттерінің бірегей сериясы ұсынылды. Барельеф қолмен шпаклевка, гипс және акрил материалдары арқылы жасалады, бұл әрбір жұмысқа ерекше тереңдік, фактура мен мәнерлілік береді. Көрмеде студия педагогтарының басшылығымен 6-10 жас аралығындағы балалар жасаған интерьерлік барельефті картиналар ұсынылған.