Көңілді күз, немесе Кітапханадағы демалыс!

29 қазан «HappyEnglish» БАК кезекті отырысы өтті. Мектептегі демалысқа қарамастан, біздің сабақтар жалғасып жатыр. Кітапханадағы күзгі демалыс – көңілді, танымды және ерекше. Бұл мектеп оқушыларына сабақтан үзіліс жасап, өз оқырмандарын керемет кітаптармен күтіп отырған кітапханаға келуге тамаша мүмкіндік.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі көз тартарлық бағдарлама, әртүрлі ойындар мен балаларға арналған қызықты тапсырмалар дайындады. Одан бөлек, ағылшын тілінде кітаптар оқып, мультфильмдер көру. Ойын түрінде ағылшын тілін үйрену – ең нәтижелі және пайдалы тәсіл.
Өз демалысынды бізбен бірге өткіз! Барлығыңызды шақырамыз!