Бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов кітапхана қызметкері Любовь Николаевна Никитинаға кітапхана саласындағы қажырлы еңбегі үшін «Еңбек ардагері» марапатын табыстады.
Любовь Николаевна Никитина — кітапхана саласында 43 жыл еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып келе жатқан жоғары білімі бар кітапханашы. Ол еңбек өтілін 1982 жылы Көкшетау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми-әдістеме бөлімінің редакторы боп бастаған. 1993 жылы аталмыш бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Қазіргі таңда Любовь Николаевна өзінің көп жылдар бойы еткен қажырлы еңбегінің арқасында, облысымыздың кітапхана саласындағы мақтан тұтарлық жоғары санатты қызметкер және өз саласында түрлі әдістерді өзінен кейінгі жастарға үйретіп, бағыт-бағдар беретін білікті маман.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Любовь Николаевнаны бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтайды.