МАРГАРЕТ ХИЛДА ТЭТЧЕР

МАРГАРЕТ ХИЛДА ТЭТЧЕР – Ұлыбритания тарихындағы әйгілі тұлғалардың бірі, қоғам қайраткері, және заңгер.
Ұлыбританияның 71-ші премьер-министрі және бүкіл Еуропа тарихындағы тұңғыш әйел премьер-министр. ХХ-ғасырда ең ұзақ уақыт қызмет еткен үкімет басшысы болды. Өзі орнатқан экономикалық саясаты кейін «тэтчеризм» атты ұғымға айналды.
Танымал саясаткер жазушылыққа да көп көңіл бөлген. Жастайынан әкесімен жергілікті кітапханаға жиі барып жүріп, әдебиетке деген қызығушылықты бойға сінірді. Оқуымен қатар поэзиялық шеберлік курстарына да қатысып жүрді. 90-жылдардың ортасында бірнеше кітаптар жазып, жарыққа шығарды.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі ұлы тұлғаның 100-жылдығына орай «Британияны өзгерткен ұлы әйел» атты медиавояжды оқырмандар назарына ұсынады.