МЕЗГІЛСІЗ КЕТКЕН МЕРЕКЕ АҒА

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Әдебиет және өнер музейімен бірігіп, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Мереке Бекмағамбетовтың туғанына 65 жыл толуына орай «Мезгілсіз кеткен Мереке аға…» атты еске алу кешін өткізді.

Кешке Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ардагерлері, Мереке Мәжитұлы Бекмағамбетовтың ағайын-туыстары, қыздары, музей қызметкерлері, кітапхана ұжымы, БАҚ өкілдері қатысты.

40 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан, 25 жыл мектеп директоры қызметін атқарған, қазіргі күнде Астана қаласының жоғары санаттағы білікті ұстазы, Мереке ағамыздың туған інісі, Сайран Мәжитұлы, апасы Риза Мәжитқызы балалық шақтарын еске алды.

Мереке Мәжитұлы танымал журналист, композитор және Ақмола өңірінің беделді ақыны Маман Ементаевтың әндерін орындап, шығармашылығына жақын болған.Еске алу кешіне Маман Ементаевтың жұбайы Үкіжан Қалиакбарқызы да қатысып, өзінің Мереке Мәжитұлына деген ыстық ықыласын білдірді. 

Арнайы Астанадан келген жастайынан бірге оқып, бірге өскен, Жанат Қасымовтың басқаруымен «Көкше» ансамблін  ашып,  бірге жұмыс істеген жан досы Қалиев Жабай Тәкенұлы, ҚР көлемінде өткен көптеген байқаулардың жеңімпазы, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Мұқышев Кенжебай Жәнібекұлы, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ардагері, Мәдениет саласының үздігі Әбсалық Салық, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, Тәуелсіз Қазақстанның қаһарманы Төкен Ілияс, Әдебиет және өнер музейінің диреторы Нұралы Нұрбек Жамашұлы естеліктерімен, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

Мереке Мәжитұлының қыздары Айгерім мен Әспет ұйымдастырушыларға және кешке қатысушыларға өздерінің ыстық лебіздерін, ризашылықтарын білдірді.

Соңында қонақтар естелік суретке түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *