Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні болып белгіленген. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы.
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бұл мерекеге орай Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Рәміздерім – мақтанышым» атты флеш-моб ұйымдастырды. Аталмыш шараға Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Қазақстандағы әр азамат үшін бұл күннің орны ерекше болғандықтан іс-шара әнұранмен басталды. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға рәміздеріміз жайлы мәлімет берді. Кейін түрлі қызықты ойындар ойналып, балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Жүректері «Елім» деп соққан балғын балақайлардың болашақта Қазақстан үшін қызмет ететіндері көздеріндегі жалыннан-ақ байқалады.
Шара соңында барлық оқушылар қолдарына ту алып, флеш-моб биледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *