Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы

2024 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арнап, Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның оқырмандаға қызмет көрсету бөлімі 4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған» «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты kitap time ұйымдастырды. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің мәртебесін, халқымыздың, ұлттық нышандарын кереметтей көрсететін ерекше қастерлі белгілер екендігіне көзіміз жете түседі. Сондықтан да мемлекетіміздің рәміздерін қолдану мен насихаттаудың, құрметтеу мен қастерлеудің міндетті парызын біз үнемі назарда ұстауымыз керек. Бұл әр азаматтың міндеті мен қасиетті борышы. Кітапхананың кітап қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінен жарық көрген мақалаларды атап айтсақ, «ҚР-ның Парламенттер жаршысы», «ҚР Президентінің актілер жинағы», «Атамекен-ай», «Астана», «Егемен Қазақстан», «Дала мен қала», «Алтын орда», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде», «Мирас» және т.б. газет журналдар көрмеге қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *