Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №12 мектепте «Мемлекеттік тіл: болашаққа бағдар» атты медиа тайм өткізді. Іс-шара оқушылардың ана тілдеріне деген құрметін, махаббатын арттыру, тіл мәртебесін биік санау мақсатында өтті. Оқушылар тарапынан тіл туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды. Кітапхана қызметкері ғұлама-ғалымдар мен ақын-жазушылардың ана тіл жайлы айтқан өзекті туындыларын арқау етіп, тілдің құрметін түсіндірді. Іс-шара соңында өлең оқылды.