Мұса Асайынов

Белгілі әнші, ақын Мұса Асайыновтың 95 жылдығына орай Ақпараттық – библиографиялық бөлімі ақынға арнап таймлапс ұсынды. Мұса Асайынов 1929 жылы Көкшетау облысы, Айыртау ауданының Өскен ауылында дүниеге келген. Мұсаның үлкен атасы-атақты әнші, ақын Үкілі Ыбырай, нағашысы ақын Молдахмет Тырбиев. Ақын 13 жасынан домбыра тартып, 15 жасынан бастап өлең шығара бастаған. Өнерге құштар Мұса 15 жасынан бастап Солтүстік Қазақстан филормониясының әншісі болып алынады. Ол өзінен бұрынғы асыл мұраны жинап, халқына қызмет ете білді. Мұса Асайынов жайында толық ақпаратты кітапханаға келіп оқи аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *