Мәдениет басқармасының алқа мәжілісі

18.06.2024ж. Бурабай кентінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының 2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша Алқа мәжілісі өтті. М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК талқылауға сұрақтар ұсынып, кітапханалық секция өткізді.
– Ақмола облысындағы кітапханаларды дамыту бағдарламасын құру (кемінде бес жыл даму перспективасымен);
– бірінші жартыжылдықтағы кітапхана саласы жұмысының қорытындысы;
– жетілдіру қажеттілігі;
– қаржыландыру мәселелері;
– бұқаралық іс-шаралардың сапасы;
Секция жұмысына Ақмола облысының аудандық және қалалық орталық кітапхананың директорлары қатысты.

Кітапхана қызметінің қорытындысы бойынша аралық рейтинг нәтижелері көрсетілді. Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі қалалық кітапханалар арасында 1-орында, облыстық орталық кітапханалар арасында 1-орынды Атбасар және Бұланды орталық кітапханалар жүйесі иеленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *