Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған

14 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Бурабай аудандық мәдениет үйінің поэтикалық клуб тыңдаушылары үшін Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Ғылым мен ерлік жолы» атты дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар Мәлік Ғабдуллиннің туған жері, балалық шағы, білім алған кезеңдері, 316-атқыштар дивизиясындағы қызметі жайлы ақпарат алды. Өздері де батырдың ерекше ерлігі – командирлік қабілеті, мергендігі және жауынгерлерге көрсеткен жетекшілігі туралы ақпараттармен бөлісті. Студенттердің назарына «Әрі қаһарман, әрі ғалым» атты кітап көрмесі ұсынылды.