16 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №15 негізгі мектебінің оқушылары үшін «Нан – алтынның асы» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушыларға нанның қадірін түсіндіру, еңбек адамын құрметтеуге баулу, нан өндірушілердің еңбегін дәріптеу және ысырапсыздыққа тәрбиелеу. Оқушыларға нанның тарихы, оның түрлері және қазақ халқының нанға деген құрметі туралы мәлімет берілді. Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, «Нанды ысырып етпе» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.