Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқырман қауым назарларыңа «Нашақорлық – ғасыр дерті» телебиеннале ұсынады. Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсымызға әсер етуі мүмкін. Есірткі – бұл психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін, жүйелі түрде қолдану тәуелділікке әкелетін өсімдік немесе синтетикалық текті химиялық заттар. Есірткі заттарын қабылдау жеке тұлғаның деградациясына және ағзаның бұзылуына өте белсенді ықпал етеді, және бұл, адамдар арасында өмір сүретін нашақордың жеке өзіне ғана емес жиі басқалар үшін үлкен қауіп көзіне айналатын іс. Көптеген жағдайларда нашақорлықпен ауыратын адам, өкінішке орай, қоғамға қауіпті қатыгездікке ұшырайды. Нашақорлық көптеген әртүрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың тікелей себебі болып табылады.