Никитина Любовь Николаевна

11 қарашада Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ақмола облысының кітапханаларын дамыту бөлімінің кітапхана маркетингі секторының басшысы Любовь Николаевна Никитинаны еңбек сіңірген демалысына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Никитина Любовь Николаевнаның жоғары кітапханалық білімі бар (мамандығы кітапханашы-библиограф). Кітапханадағы еңбек өтілі 43 жыл. Еңбек жолын 1982 жылдың тамыз айында Көкшетау ОӘҒК-да ғылыми-әдістемелік бөлімінің редакторы болып бастады. 1993 жылдан – ғылыми-әдістемелік бөлімнің сектор меңгерушісі (қазіргі уақытта М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімі). Любовь Николаевна Ақмола облысының кітапханаларына жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыста үлкен тәжірибесі мен практикасы бар жоғары білікті маман.

Әріптестер тарапынан Никитинаның атына көптеген әдемі сөздер мен тілектер айтылды! Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК ұжымы Любовь Николаевнаны өміріндегі маңызды кезеңмен шын жүректен құттықтайды және оған зор денсаулық пен ұзақ жылдар бойы күш-қуат тілейді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *