Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттер бөлімі Қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Нұрғиса Тілендиевтің әндері» ақпарат + ұйымдастырды.
Нұрғиса Тілендиев дәстүрлі әуендерді қазіргі заманғы музыкалық тәсілдермен ұштастыра отырып, қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттады.
Сазгер «Қазақфильм» киностудиясында музыкалық редакциясының бас редакторы қызметінде болғанда «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» сияқты ертегі-аңыз желісімен жасалған жұмыстарына ән жазған. Сондай-ақ, ол «Менің атым Қожа», «Қилы кезең», «Қыз Жібек» сияқты қазақ фильмдерін әуенмен әрлеген.