Олар Отан үшін от кешкендер

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мектеп оқушыларымен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Олар Отан үшін от кешкендер» атты викториналық ойын өткізді.
Іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімдерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға соғыс жылдарындағы маңызды оқиғалар мен деректерге арналған сұрақтар, ой ұшқырлығын, білім тереңдігін сынайтын шығармашылық сұрақтар қойылды.