Олжас Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым

18 мамыр күні Облыстық кітапхананың оқу залы секторының қызметкерлері қазақ халқының керемет ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Олжас Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» – атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақын бар саналы өмірін халқының жарқын болашағына арнаған, оның әр өлең жолдары адамзатқа, қоғамға, адамгершілікке, достыққа арналған. Семей полигонын жабуға көп еңбек сіңірді, бар ынтасын, жігерін, мақсатын арнады.
Көрменің басты мақсаты оқырмандарды ақынның өмірімен, шығармашылығымен жақын таныстыру. Осы көрмеге ақынның «Атамекен», «Қыш кітап», «Әр күн арайлы таң», «Таңдамалы шығармалары 5 том», «Круглая звезда», «От января до апреля» -деген, және тағы көптеген шығармалары қойылды. Көрме мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *