ОТБАСЫМДЫ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ ҚОЯМЫН

8 қыркүйек күні  М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК, ақпараттық-библиографиялық бөлім  Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейіннің 7 «Б» сыныбымен «Отбасымды бәрінен жоғары қоямын» атты ақпараттық сағат өткізді.  

Мақсаты: Оқушыларды отбасын қадірлеуге, ата-анаға деген құрмет, бауырмалдық пен сүйіспеншілік сезімінің арттырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.

Ақпараттық сағатта отбасылық құндылық, отбасылық сат-дәстүр туралы мәлімет берілді. Викториналық сұрақтар қойылды, мақалдардың жалғасын табу, жағдаяттық сауалдар, жұмбақтар жасырылды. Бейне материал арқала қандай ой түйгердерін оқушылар ашып айту, талқылау болды.