22 мамыр күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай “Отбасында өмір сүру бақыты” атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның спикері «SENIMEN BOLASHAQ» РҚБ Ақмола облыстық филиалының басшысы Айгүл Қайратқызы Нұрмағанбетова болды. Іс-шара барысында қатысушылар тәрбие бойынша Шалв Александрович Амонашвилидің «Педагоческие притчи» атты кітабымен танысты. Сонымен қатар, ата-анала рмен мұғалімдердің балалар аудиториясымен байланыс орнату бойынша «Книга в красках» кітабының тұсаукесері тұсаукесері өткізілді.
Іс-шараның қонақтары бастауыш сынып мұғалімдері, кітапханашылар болды – олар еңбек қызметі барысында балалардың оқуын басқаратын тұлғалар.