Отбасы күніне орай

Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!  Отбасы күніне орай 5-20  қыркүйек аралығында   Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Аналарға тағзым» сурет көрмесін тамашалауға шақырамыз. Көрмеде  Балалар көркемсурет мектебі оқушылары:  Мажитова Саида, Саимаева Адель, Ширяева Алена, Жусупбекова Диана, Калашникова Дарьяның туындылары орын алды.  Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау, көркемдік шығармашылығын насихаттау, отбасылық құндылық дәріптеу. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді. Отбасы – сыйластықтың, ынтымақтастық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі.