Отбасы – ұлттың тірегі

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 9 қыркүйекте Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында Отбасы күніне арналған тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараға 2 курс студенттері қатысты.
Шара барысында отбасылық дәстүрлердің, ата-анаға құрметтің, ұлттық тәрбиенің маңыздылығы туралы сөз қозғалды. Студенттер белсенділік танытып, тақырыпты терең түсініп, өз ойларымен бөлісті.