«Оқитын қала» ПРОМО-НАУҚАНЫ

22 маусым күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті секторының кітапханашылары орталық саябақта «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Оқитын қала» промо-науқанын өткізді. Науқанға мектеп оқушылары, Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері және тұрақты оқырмандар қатысты. Қатысушылардың қолында оқуға шақыратын кітаптар мен журналдар, плакаттар мен бүктемелер болды. Бұл жұмыс қала халқының назарын кітап оқу мәселесіне аударуға бағытталды. Науқан қала жұртшылығының оқу мәдениетін көтеру және қолдау, рухани азықтандыру мақсатында өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *