Оқы, талда бөліс!

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «100 КІТАП» жобасы аясында әдеби-талдау сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, көркем әдебиет арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқылған шығармалар төңірегінде ой бөлісуге мүмкіндік жасау болды.
Әдеби-талдау сағаты барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптар жайлы пікірлерін ортаға салып, кейіпкерлер бейнесін, шығарманың идеялық мазмұнын талқылады.