Рухың асқақтай бер, Қазақ елі

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқырман қауым назарыңа 25 қазан Қазақстан Республика күніне арналған «Рухың асқақтай бер, Қазақ елі» атты history time ұсынады. Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *