Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №2 мектеп лицейінің оқушыларына көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған «Бегалин шығармаларындағы табиғат» атты танымдық сағат өткізді.
Іс-шара барысында жас оқырман қауым жазушының өмірі және оның шығармалары жайлы толық мағлұмат алды. Оқырман назарына «Бала Шоқан», «Естеліктер», «Замана белестер», «Жамбыл», «Жеткіншектер» атты шығармалары таныстырылды және кітаптарына шолу жасалды.