Серпін-2025

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жас кітапханашылары көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Әубәкірова Жадыра Мыңжасарқызы, көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің кітапханашысы Рамазан Бауыржанұлы, өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы Утепова Гүлсана Мейрамбайқызы Түркістан қаласында 9-10 қыркүйек күндері өтетін “Серпін-2025” республикалық жас кітапханашылар форумына қатысуда. Форум “Farab kitaphanasy” базасында өтуде. Жас кітапханашылар үшін “Дәстүрлі кітапхана: тренд пен технология тоғысы” атты панельдік сессия өтеді.
Сонымен қатар, түрлі шеберлік сағаттар, тәжірбие алмасу алаңдары өтеді.