Серпін-2025

9 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жас кітапханашылары “Серпін 2025” жас кітапханашылар форумы аясында панельдік сессияға қатысты. Отырысты Түркістан облыстық “Фараб” әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат Сәдібекқызы ашып, жастарға “Кітапханалар трансформациясы: Жылдық жобалардың табысты тәжірибесі” атты баяндама оқыды. Осы форумға арнайы қонақ болып шақырылған ардагер кітапханашы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналисттер одағының мүшесі Өмірбек Гүлнәр Есіркепқызы “Мамандық және қабілет-үйлесім үрдістері” тақырыбында лекция оқыды. Сонымен қатар, кітап оқудағы ерекше дағдылар туралы жобасымен ұстаз, жас ақын Арқалық Әмәлиятұлы бөлісті.